ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты "Бурабай-Даму" ЖШС, "экстремалды Атлетика" қоғамдық бірлестігі және "Rebel Running" ЖК бірлесіп Қазақстандағы алғашқы мұз жарысын өткізді.
19 ақпанда Бурабай курортында Қазақстан өңірлерінен, жақын және алыс шет елдерден трейлраннингтің нағыз жанкүйерлері жиналды. Жарысқа 300-ден астам спортшы, алты елден қатысты. Оның ішінде АҚШ, Ресей, Чехия, Польша және тағы басқа.
Жүгіру жарыстары бірнеше қашықтықта өтті: 7 км, 14 км және 21,1 км, сонымен қатар скандинавиялық серуендеу - 7 км. Жеңімпаздар анықталды. Олар: Тимур Артюхин (7 км) Алматы қаласы, Владимир Экерт (14 км) Астана қаласы,Юрий Швец (21 км) Астана қаласы, скандинавиялық жүрістен (7 км) – Казбек Елюбаев, Көкшетау қаласынан жеңімпаз болып атанды.
"Іс - шараның негізгі мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, туристердің біздің аймаққа деген қызығушылығын ояту. Жарыс Қазақстандағы алғашқы және жалғыз экстремалды мұз жарысы болды. Іс-шара өте қызықты өтті. Әрине, әуесқой спортшылар үшін бүгінгі сынақ оңай болған жоқ. Биыл "Бурабай даму" компаниясы 8 жасқа толады, осыған байланысты осы жылда осындай іс-шаралар көбірек өткізілетін болады - деп атап өтті "Бурабай даму" ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы Шыңғыс Оразалин.