Бурабай даму келесі туристік қызметтерді көрсетеді:
"Бурабай даму" ЖШС келесі туристік қызметтерді ұсынады:
- - туристік экскурсиялар;
- - туристерді трансферлеу;
- - турлар ұйымдастыру;
- - тақырыптық іс-шаралар өткізу;
- - конференциялар, семинарлар және тимбилдингтер ұйымдастыру;
- - туристерге ақпараттық қолдау көрсету (Call-орталық 1405);
- - курорттағы LED-экрандарда жарнамалық бейнероликтер мен баннерлерді орналастыру.
Серіктестік ұлттық мерекелерді атап өту, тақырыптық іс-шаралар (веложарыс, жүзу, жүгіру және т.б.) (медиа-жоспарға сәйкес) ұйымдастыру, курорттағы LED-экрандарда жарнамалық бейнероликтер мен баннерлерді орналастыру іс-шараларын жүргізеді. Бюджеттік бағдарлама аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру курорттың туристік имиджін арттыруға, Бурабайдың туристік әлеуетін, мәдени және табиғи құндылықтарын ашуға мүмкіндік берді, бұл өңірдегі саланың дамуына, соның ішінде туристік ағынның ұлғаюына оң әсерін тигізді. 1 маусым мен 31 тамыз аралығында ұлттық паркке 450 мыңнан астам адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Биылғы жылдың 8 айында "Бурабай" 650 мыңнан астам қонақтарды қабылдады. 2023 жылдың сол кезеңінде бұл көрсеткіш 550,7 мың адамды құраған.
Визит центр | Абылай-хан алаңы |
«BurabayLand» |
"Жайлау" Этноауылы |