Бүгін 1 наурыз күні біз жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күнін атап өтудеміз.
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан. Сондықтан - айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі. Бұл – өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін мейрам. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл - Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым. Найзаның ұшымен, білектің күшімен тиген ұлан-ғайыр қазақ жерінде Тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқаным үшін батыр бабаларымызға айтар алғысым ерекше. Өз ана тілімізде сөйлеп тұрғанымыз үшін қазақтың зиялы қауымына алғыс айту парызымыз деп санаймын.
Бүгін біз, миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін халқыма алғыс айтамын.
Тарихтың сын сағаттарында бірлігін сақтай білген барша отандастарымызға зор ризашылығымды білдіремін.
Көктемнің алғашқы шуағымен бірге келген Алғыс айту күні мерекесі құтты болсын! Елімізден ырыс-ынтымақ кетпесін!
Жақындарымызға жақсылық жасап, бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік!