Бурабайда Наурыз мерекесі аталып өтті.
Думанды шара “Бурабай даму” ЖШС және Бурабай кентінің әкімшілігімен ұйымдастырылды.
Шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарламасын ұсынды. Бишілер мен әншілер өнеріне Бурабай курортының тұрғындары мен қонақтары тамсана қол соқты. Мереке барысында ұтыс ойынының 11 жеңімпазы анықталды.
Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже, палау тағы басқа ұлттық тағамдар дайындалады. Дәстүрлі ұлттық ойындар: күрес, арқан тарту, қой көтеру тағы басқа ойындар ойнатылды.
22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та жер ана да, жан-жануарлар да оянады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін құдай ұзағынан сүйіндірген. Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын!
Наурыз мерекесі жоғары дәрежеде тойланып, есте қалды.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!