7 сәуірде "Wyndham Garden Burabay" қонақ үйі базасында, Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының "Visit Aqmola" Туристік ақпараттық орталығы" Ақмола облысының турбизнес субъектілерінің басқарушы персоналы үшін тиімді басқару мен бақылаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында "De Luxe: қызметкерлермен тиімді жұмыс жасау әдістері" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізу; қызметкерлермен жұмыс саласында дағдыларды дамыту: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау, сондай-ақ персоналды дамыту; әр түрлі басқару стильдерімен және көшбасшылық негіздерімен танысу.
Аталған іс-шараның спикерлері:
Нұрпейісова Вероника Игоревна-Қазақстан Республикасы Қоғамдық тамақтану қауымдастығының төрағасы, жаттықтырушы-практик, мейрамхана талдаушысы;
Жанкина Жазира Құрмашқызы - "KITO&Co" Kazakhstan International tourism organization компаниясының директоры, коуч-жаттықтырушы;
Исмагамбетова Жазира Рахимжановна-жаттықтырушы, EUROPE SPA халықаралық аккредиттеу сарапшысы;
Траиспаева Маржан Омарбековна - "Kazakh Tourism ҰК" АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры.