Жазғы туристік маусымның басталуымен "Бурабай" Ұлттық паркінің аумағында от жағусыз пикниктерге арналған 9 жаңа қосымша орынды жайластыру жұмыстары аяқталды.
Бұған қоса от жағуға арналған алаңдары бар 26 пикниктік аймақта үстелдер және орындықтар, қауіпсіз от жағуға арналған барбекю аймағын орналастыру , сондай-ақ ықтимал өрт болған жағдайда өрт сөндіруге арналған құралдармен жабдықтау жұмыстары жалғасуда.
От жағусыз пикниктерге арналған жаңа орындардың орналасу жері «Ұлутастан" бастап Абылай хан алаңына дейінгі веложол бойында және Кенесары үңгірінің жанында орналасқан. Демалыс орындарының орналасқан жері туралы нақты ақпаратты картада, "Бурабай" МҰТП сайтынан, сондай-ақ табиғи парктің мобильді қосымшасынан көруге болады.