Абай облысындағы жойқын орман өрті қалың елдің қабырғасын қайыстырды. Тілсіз жауды тізгіндеу жолында 14 азаматтың қаза табуы — орны толмас қайғы.
Өз міндеттерін адал атқарып, қызыл жалынмен арпалыста жандарын қиған азаматтардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.
Мұндай қасірет елімізде енді қайталанбасын.
Марқұмдар мәңгі жадымызда!