"Бурабай даму" қызметкерлері ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 2 шілдесі аралығында өткен туристік ақпараттық орталықтарға арналған ақпараттық турға қатысты.турды Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанындағы "Visit Aqmola" туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды.
Оған: "Астана даму орталығы" ЖШС, "Visit Almaty" ТАО, "Open Turkistan" ТАО, "Жетісу" ТАО, "Visit Shymkent" ТАО, "ШҚО ТАО", "Отырар" Визит-орталығы, "Visit Alatay" ТАО, " ұлттық тарихи-мәдени және табиғи Ұлытау облысының "Ұлытау" мұражай-қорығы, Атырау облысындағы "Сарайшық "ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығы қатысты
Ақпараттық турдың мақсаты-Ақмола облысының туристік әлеуетін ашу және курорттың танымал туристік нысандарын таныстыру. Сонымен қатар, ақпараттық тур барысында туристік ағымды бағыттау және қызметтерді өзара ілгерілету үшін ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Қазақстан бойынша бірыңғай іс-шаралар күнтізбесін құру жоспарлануда. Дөңгелек үстелде "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ өкілдерімен туристік ақпараттық орталықтардың қызметі арқылы ішкі туризмді дамыту мәселелері талқыланды.