2023 ж. 7 қазанда Қатаркөл көлінде, Щучье-Бурабай курорттық аймағында әуесқой балықшылар арасында "Burabay Carp-2023" турнирі басталды. Еліміздің барлық өңірлерінен командалар қатысты.
Карпфишинг балық аулау түріне жатады. Жарыс шарттарына сәйкес 1,5 кг-нан бастап балық ескеріледі. ал егер кішкентай балық ұсталса, ережелер оны дереу және өлшеусіз суға жіберуді бұйырады.
"Бурабай Даму" серіктестігі ұйымдастырған турнирге тіркелген 30 командадан 26 команда қатысты. Ақмола, Қарағанды, СҚО, Астана, Алматы қалаларынан.
Биыл Бурабайда турнир алғаш рет өтуде. Біздің жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 26 команда келді. Әдетте, әр команда екі балықшыдан тұрады, - деді "Бурабай Даму" туризм және маркетинг бөлімінің бас менеджері Олжас Даньяров.
Командалық есепте бірінші орынды Петропавл қаласының «Tender+» командасы жеңіп алды. Олар жалпы салмағы 6 540 грамм балық аулады.
Екінші орынды Астанадан келген «Қазақстан балықшылары 2» командасы иеленді. Үшінші жүлдені орын «Бурабай» командасына бұйырды.
Родина ауылынан келге Игорь Жмурик 3860 грамм балық ұстап, «Big fish» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Ең үлкен қатысушы – Бекенов Қанат (Бурабай)
Ең жас қатысушы Егор Ситников (Астана)
"Бурабай Даму" компаниясы жыл сайын осындай жарыстар өткізуді жоспарлап отыр.