Пресс-тур бағдарламасы аясында «Aq Maral» марал шаруашылығы, «Мирное» орманшылығы, «BurabayLand» отбасылық ойын-сауық паркі, сондай-ақ Бурабай кентіне кірген кезде жаңа автоматтандырылған БӨП сияқты нысандарға барды.
Іс-шара барысында қатысушылар курорттың бай табиғатын тамашалады, фермалардың жұмыс процесімен, шаруашылықтардың биотехникалық жұмыстарымен, панто-емдеудің артықшылықтарымен танысты, жаңа БӨП жұмысын тексерді, сондай-ақ «Қазақстандық Лапландия» аумағында ойын-сауықтарды тамашалады.
Іс-шараны Ақмола облысының Туризм басқармасының қолдауымен «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы «Бурабай Даму» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды.