Басты бет«Бурабай» МҰТП ұлттық паркіне кіруге жаңа тариф бекітілгенін еске саламыз

«Бурабай» МҰТП ұлттық паркіне кіруге жаңа тариф бекітілгенін еске саламыз

«Бурабай» МҰТП ұлттық паркіне кіруге жаңа тариф бекітілгенін еске саламыз

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы (№165-VII) Заңы аясында Салық кодексінің 591-бабына Мемлекеттік ұлттық парк аумағы көлік құралдарын кіргізгені үшін алым алу мәселесі бойынша толықтыру енгізілген болатын. Осыған орай, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіруге жаңа төлем ставкалары бекітілді.

2024 жылға арналған алым мөлшері:
- жаяу жүргінші – 0,1 АЕК (369 теңге);
- мотоцикл, мопед, квадроцикл үшін – 0,2 АЕК (738 теңге);
- жеңіл автокөлік – 0,3 АЕК (1 108 теңге);
- сыйымдылығы 16 орынға дейінгі шағын автобус пен жүк көлігі – 1 АЕК (3 692 теңге);
- 32 орынға дейінгі автобустар – 2 АЕК (7 384 теңге);
- 32-ден астам орындық автобус – 3 АЕК (11 076 теңге).

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан елді мекендерде тұратын және/немесе сол жерде орналасқан саяжайлары бар жеке тұлғалар төлемнен босатылады.
Бурабай, Бұланды және Еңбекшілдер аудандарының ұлттық парк аумағынан тыс орналасқан елді мекендерінің халқы жалпы негізде ақы төлеуге міндетті. Бұл ұлттық паркпен іргелес жерлерде тұратындарға да қатысты.
 

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке/заңды тұлғалардың автокөлік құралдарынан ұлттық парк аумағында болған әрбір күн үшін төлем алынады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны алымның ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық қаупін азайту үшін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінде 5 бақылау-өткізу бекеті автоматтандырылды.
Өткізу бекеттерінің бәрі екінші деңгейлі банктердің төлем қызметіне қосылған (kaspi.kz, homebank, Jusan). Яғни төлемді терминал арқылы да, банктік аударыммен де жасауға болады.
Онлайн төлеу үшін банктердің QR-кодтары қойылған. Kaspi.kz қосымшасымен төлеу үшін шотыңызды алдын ала толтыруға болады (ақылы жолдардағы сияқты). Ондай кезде ұлттық парктен шыққанда төлем автоматты түрде есеп-шотыңыздан алынады. Төлем банктік аударыммен де, қолма-қол да жасалады.
Бақылау-өткізу бекетінде кептеліс болмауы үшін маршрутты алдын ала жоспарлап, Бурабай ауылындағы ғана емес, басқа да өткізу бекеттерінен де шығуға болатынын ескерулеріңізді сұраймыз.