Басты бетForest Farm AQ MARAL – Президент Іс басқармасы Бурабай курортын дамыту үшін іске асырған жоба.

Forest Farm AQ MARAL – Президент Іс басқармасы Бурабай курортын дамыту үшін іске асырған жоба.

Forest Farm AQ MARAL – Президент Іс басқармасы Бурабай курортын дамыту үшін іске асырған жоба.

Бурабайдан 12 шақырым жерде орналасқан. Бұнда күнделікті экскурсиялар өткізіледі.

Әсіресе балаларға өте қызықты жер. 

Бұл жерде марал шаруашылығы, пантамен емдеу орталығы бар. 

Киіз үйлер тігілген, ұлттық дәстүрлерді көрсететін шағын этноауыл – әрбір туристке қолжетімді. 

Шетелдік қонақтар арасында өте танымал жер.

Бүгінде марал шаруашылығында 200 басқа жуық әсем жануар бар. 

Олар өздерінің табиғи ортасында – 600 гектарға созылып жатқан қалың орман алқабын мекендейді. 

Барлық бұғы-маралдарға үнемі ветеринарлық бақылау жасалады. 

Пантотерапия орталығы өндіріске қажетті емдік өнім алу толық қамтылады, жаңа технологиялардың көмегімен мың да бір емдік дәрі-дәрмек жасалады.

Бурабайдың табиғаты марал өсіруге өте қолайлы. 

Таулы-тасты орманды далада бұғыға қажетінше салмақ қосуға, қоршаған ортамен үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін азық жеткілікті.