Іс-шараны Бурабай ауданының әкімдігі, ҚР ПІБ «Бурабай даму» ЖШС ұйымдастырды. Іс-шара аясында балалардың ойын-сауық, спорттық байқаулары, ұлттық ойындар және ашық аспан астындағы суреттер байқауы өтті.
Бағдарлама қызықты әрі әсерлі өтті, ауа-райының қолайлы жағдайлары балаларға мерекелік атмосферадан барынша ләззат алуға мүмкіндік берді.
Курортта балалардың қатысуымен өтетін іс-шаралар әрдайым мерекелі және әсерлі өткізіледі. Мерекеге қатысушылардың жалпы саны 2 мыңнан асты.
Оған қоса, 1 маусым барлық балалар үшін хайуанаттар бағына, Табиғат мұражайына, террариумға тегін кіру болды. Аттракциондар саябағында барлық келушілер үшін жеңілдіктер болды.