«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Серіктестіктің 30 - дан астам қызметкері бүгін «Таза бейсенбіге» шықты, нәтижесінде Абылай хан алаңы киелі жерін тазарту жұмыстары жүргізілді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдай отырып, Серіктестік жыл сайын курортта тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосады. Жазғы маусымда эко-акциялар жиі өткізіледі.
Абылай хан алаңы ең көп баратын орын болғандықтан, мұнда тәртіп пен тазалықты сақтауға ерекше назар аударылады. Бүгін «Бурабай даму» қызметкерлері қоқыс жәшіктерін бояды, шөп шабылды және шығарылды, қоқыс жиналды, жаяу жүргіншілер жолдары жаңбыр кезінде таулардан түсетін құмнан тазартылды, ағаштар байланған маталардан «босатылды». Сонымен қатар, абаттандыру серіктестігінің жұмысшылары Абылай хан алаңқайының аумағын жинау жұмыстары күн сайын жүргізіледі. Жазғы маусымның орта кезінде күніне 5 текше метрге дейін қоқыс шығарылады. Мәселен, тек 2023 жылы серіктестік күшімен 1000 текше метрден астам қоқыс шығарылды.
Бурабай ұлттық саябағында күн сайын тазалық сақталады. Жазғы маусымның басталуына байланысты барлығын тәртіпті сақтауға, қоқыстарды қалдырмауға, курорттың табиғаты мен көрікті жерлеріне зиян келтірмеуге, әсіресе киелі жерлерде тәртіп пен мәдениетті сақтауға шақырамыз.
Байлығымызды бірге сақтайық!