Әр жыл сайын миллиондаған адам әлем бойынша табиғи және қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазарту мақсатында «World Clean Up Day» жаһандық акциясына қатысады. Бұл маңызды шара қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған және планетаның ластану мәселелеріне назар аудартуды көздейді. Акция табиғатқа қамқорлық жасап, әрқайсымыздың экологиялық жауапкершілігімізді арттыру қажет екенін айқындайды.
«Бурабай даму» ЖШС жыл сайын осы экологиялық акцияларды өткізуді қолдап отырады. 21 қыркүйек күні компания қызметкерлері Бурабайдан Ақбұра курортына дейінгі жол бойында ауқымды тазарту жұмыстарын жүргізді. Акция барысында 40-тан астам қап қоқыс жиналып, аймақтың экологиялық жағдайы едәуір жақсарды. Бұл жұмыс аумақтың көркін ғана жақсартып қоймай, курорт тұрғындары мен қонақтарына тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын еске салады.
«Бурабай даму» ЖШС экологиялық тазалық пен қауіпсіздікті үнемі қадағалап отырады. Қоғамдық серіктестік аясында велосипед және жаяу жүргінші көпірлерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Громовая өзеніндегі құтқару станциясының маңындағы көпірлерде шіріген және зақымдалған тақтайлардың ішінара ауыстырылуы, сондай-ақ Оқжетпес көпіріндегі ағаш жабындылардың ақаулы учаскелері жөнделді. Барлығы жөндеу жұмыстары 600 м² аумақты қамтыды, олардың екеуінде жабындылар толықтай ауыстырылды, ал үш көпірде ішінара жұмыстар жүргізілді.
«World Clean Up Day» акциясының мақсаты – табиғи және қоғамдық аумақтардағы тәртіпті қалпына келтіру ғана емес, сонымен қатар қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық орындарға ұқыпты қарау мәселелеріне аудару. Мұндай бастамалар әр адамның табиғатты қорғау мен оны болашақ ұрпақ үшін сақтау жауапкершілігінің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
«World Clean Up Day» секілді акцияларға қатысу – табиғат пен экологияға саналы көзқарас қалыптастыруға жасалған маңызды қадам және ұжымдық күш-жігердің оң өзгерістерге әкелетінін көрсететін үлгі.