2024 жылдың 17 қазанында Бурабай курорттық аймағында Текекөл көлінің жағалау аумағын тазалауға арналған ауқымды «Green Day» экологиялық акциясы өтті.
Акцияға «Бурабай даму» ЖШС-нің 30-дан астам қызметкері қатысты. Ортақ күш-жігердің нәтижесінде 80 қап қоқыс жиналып, көлдің жағалау аймағының айтарлықтай бөлігі тазартылды.
Экологиялық акциялардың негізгі мақсаттары – жергілікті халық пен туристердің экологиялық сауаттылығын арттыру, Бурабай курортының табиғи байлықтарын сақтау, сондай-ақ жағалау аймақтарының жағдайын жақсартып, барлығына ыңғайлы орта қалыптастыру.
«Green Day» акциясы курорттың тазалығын және экологиясын қолдаудағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар аймақтағы экологиялық туризмді дамытуға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болды.
«Green Day» эко-акциясы дәстүрге айналып келеді. Біз барлық ниет білдірушілерді келесі бастамаларға қосылып, курорттың табиғатын сақтауға үлес қосуға шақырамыз!