«Бурабай даму» ЖШС әкімшілігі туристердің жеке көліктеріне арналған ыңғайлы тегін автотұрақтардың Мультимедиялық кешен ғимаратының оң жағында және артқы жағында орналасқанын хабарлайды.
Тегін және ақылы автотұрақтардың орналасуы Абылай хан алаңы бойында көрнекі жерлерге орнатылған ақпараттық стендтерде көрсетілген, бұл көлік жүргізушілеріне автотұрақтарды таңдауда оңай бағдар алуға мүмкіндік береді. Өтініш, олардың орналасуымен танысып шығыңыз (сызба қоса беріледі).
Еске сала кетейік, 1 қарашадан бастап Абылай хан алаңында ақылы күзетілетін автотұрақ іске қосылды. Оның басты мақсаты – Мультимедиялық кешеннің маңындағы орындарды осы нысан мен Абылай хан алаңына қысқа мерзімге тоқтауды қалайтындарға босату. Алғашқы 10 минут тегін, одан әрі сағатына 150 теңге.
Автотұрақ орындарын таңдау мүмкіндігі – қызмет сапасын арттыру жолындағы тағы бір қадам. Осылайша, біз барлық қонақтарымыз үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз.