Бүгін Абылайхан алаңындағы мультимедиялық орталықта жыл сайынғы «ECO-AQMOLA 2024» көрмесі өтті. Акмола облысының жас экологтары — студенттер мен оқушылар — табиғатты қорғауға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған инновациялық жобаларын ұсынды.
Іс-шара аясында жеңімпаздарды анықтайтын байқау өтеді. Ең үздік жобалар қаржылай сыйақы және әрі қарай дамуға қолдау алады.
«Бурабай даму» ЖШС өңірдің болашағына үлес қосып жүрген жастарды мақтан тұтады және Акмола облысы табиғатын сақтауға бағытталған экологиялық бастамаларды қолдауды жалғастырады!