
Крещение Господне — православие шіркеуінің он екі ұлы мерекесінің бірі. Бұл мерекені православиелік әлем 2025 жылғы 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні атап өтеді.
Осы күні дәстүр бойынша суға ұлы қасиет беру рәсімі өткізіледі, сондай-ақ арнайы дайындалған орындарда жаппай шомылу ұйымдастырылады.
Бурабай ауданында сіздер үшін қауіпсіздік қамтамасыз етілген купельдер дайындалады:
✅ Щучинск қаласы, Щучье көлі («Лапландия» ойын-сауық кешені);
✅ Бурабай кенті, Бурабай көлі (шіркеу маңы);
✅ Қатаркөл ауылы, Қатаркөл көлі.
Негізгі ережелерді еске саламыз:
👉 Шомылмай тұрып алдын ала 1-2 сағат бұрын тамақтаныңыз.
👉 Шомылу алдында алкоголь ішуге қатаң тыйым салынады!
👉 Киіміңіз ыңғайлы болуы керек, тез шешініп, қайта киінуге қолайлы болсын.
👉 Суық суға түсер алдында жеңіл жаттығу жасаңыз.
Суға біртіндеп, күрт қозғалыссыз түсіңіз. Шомылудан кейін бірден жылы жерге барып, жақсылап сүлгімен сүртініп, жылы киініңіз.
Ыстық сусын ішіп, денеңізді жылытыңыз. Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, дереу жедел жәрдем шақырыңыз.
Мерекелік шараларға қосылыңыз және дәстүрлерді сақтаңыз!