Басты бет2024 жылы Бурабай курорты несімен тартымды болды?

2024 жылы Бурабай курорты несімен тартымды болды?

2024 жылы Бурабай курорты несімен тартымды болды?

2024 жылдың қорытындысын шығара отырып, Бурабай курортында инфрақұрылымды дамыту мен сервисті жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың сәтті іске асырылғанын атап өтуге болады. Бұл жетістіктер оның заманауи туристік орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуға мүмкіндік берді.

 

ЖШС Бурабай даму ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың негізгі іс-шаралары мыналар: 

 

Жаңартылған Мультимедиалық интерактивті кешеннің ашылуы

2024 жылғы 24 шілдеде виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын пайдаланатын кешеннің ашылуы өтті. Алты айдың ішінде кешенді 7466-дан астам адам, оның ішінде әлеуметтік осал топтағы 2000 қонақ тамашалады.

 

«AQBURA BAY TRAIL-4» жүгіру сайысы

2024 жылғы 3 тамызда 11 елден келген 1200 жүгірушінің қатысуымен халықаралық жүгіру сайысы өтті. Қатысушылар «Бурабай» ұлттық паркінің көрікті жерлерін қамтитын маршрутты бағындырды.

 

«PIKEMAN 2024» жарысы

2024 жылғы 20 шілдеде 3 шақырымдық суда жүзу жарысына 300-ден астам әуесқой қатысты. Бұл шара спортшылар мен көрермендердің назарын аударып, судағы белсенді демалысты танымал етті.

 

Қырғызстан мемлекетінің журналистеріне арналған таныстыру туры

2024 жылғы 12-13 қазанда Қырғызстаннан келген 40 журналистке арналған таныстыру туры ұйымдастырылды. Тур барысында Абылай хан алаңы, Голубой залив және марал шаруашылығы сынды аймақтың негізгі нысандары көрсетілді.

 

 

Щучинск қаласындағы мұз қалашығы

Қысқы маусымға орай мұз қалашығы дайындалып, мұнда коньки және тюбинг жалға беру қызметтері, сондай-ақ келушілерге арналған фастфуд аймақтары ұсынылды.

 

Қысқы маусымның ашылуы және BurabayLand ойын-сауық нысаны

2024 жылғы 14 желтоқсанда қысқы маусым салтанатты түрде ашылып, жаңа BurabayLand ойын-сауық нысаны таныстырылды. 700-ден астам қонақ мерекелік бағдарлама, от-шашу шоуы және тақырыптық жаңажылдық дискотекадан әсер алды.

 

Аймақ туризміне әсері

Барлық іс-шаралар «Бурабай Даму» ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырылды. Бұл бастамалар Бурабай курортының заманауи туристік бағыт ретіндегі мәртебесін нығайтты.

         •        2024 жылы өткізілген іс-шаралардың медиалық қамтылуы 5 миллионнан астам адамды құрады.

         •        Инфрақұрылымның дамуы туристердің барлық санаттары – отбасылар, жастар және шетелдіктер үшін демалысты жайлы етті.