Басты бет"Бурабай даму" компаниясы Burabay Travel мобильдік қосымшасын іске қосады.

"Бурабай даму" компаниясы Burabay Travel мобильдік қосымшасын іске қосады.

"Бурабай даму" компаниясы Burabay Travel мобильдік қосымшасын іске қосады.

Мемлекет басшысының Қазақстанның туристік саласын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде "Бурабай даму" компаниясы Burabay Travel мобильдік қосымшасын іске қосады.  Жаңа цифрлық қызмет Бурабайға сапарларды жоспарлауды жеңілдетеді: бұл саяхатшыларға қонақүйлерді, мейрамханаларды және ойын-сауықтарды табуға көмектеседі, сонымен қатар демалысты жайлы әрі қарқынды етеді.                                     

25 ақпанда Бурабай курортының туристік бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Ашық диалогта қатысушылар жергілікті туризмді дамыту үшін Burabay Travel мобильді қосымшасының мүмкіндіктерін талқылады. Бизнес өкілдері саланы цифрландырудың маңыздылығын атап өтіп өз қызметтерін ілгерілету үшін қосымшаны пайдалануға қызығушылық танытты.                                                                                                                         

Burabay travel қосымшасы туризм нарығын ашық әрі қолжетімді етеді. Туристер қонақүйлерге тапсырыс бере алады, гидтер таба алады, экскурсиялар мен іс-шаралар кестесін біле алады, сондай-ақ белгіленген көрікті жерлері бар картаны пайдалана алады.  Жергілікті бизнес үшін бұл қызметтерді ілгерілету және клиенттерді, соның ішінде маусымнан тыс уақытта тарту үшін ыңғайлы құрал болады.                                                                         

Қолданбаның мақсатты аудиториясы - жеке саяхатшылар, балалары бар отбасылар, корпоративтік клиенттер және Бурабай курортында демалуды жоспарлағандардың барлығы. Burabay Travel көмегімен олар орналастыру, ойын-сауық және қызмет көрсету опцияларын алдын ала таңдай алады, бұл сапарды мүмкіндігінше ыңғайлы етеді.                  

"Burabay Travel көмегімен Бурабайда демалысты жоспарлау оңайырақ болады. Туристерге ыңғайлы болу және жергілікті бизнесті қолдау-курортты дамытуға жасалған қадам. Жаңартуларды қадағалаңыз және Бурабайды жаңа жолмен ашыңыз!» - "Бурабай даму" ЖШС цифрландыру бөлімінің басшысы 
Тайжанов Ғизат Уәлиханұлы.        

Burabay Тravel қосымшасы 2025 жылдың 15 наурызынан бастап барлық танымал мобильді платформаларда (iOS және Android) тегін жүктеуге қол жетімді болады. Қазірдің өзінде қызметтің сынақ нұсқасын көруге болады.