
Татьяна Гавриловна Херсон облысында дүниеге келген. Балалық шағынан еңбекке араласты, соғысты басынан өткерді. 1954 жылы өз еркімен тың игеру үшін Қазақстанға келіп, совхозда жұмыс істеді, зоотехник мамандығын алды. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған. Кейін «Көкшетаустрой» құрылыс тресінде маляр, одан кейін бригадир болып еңбек етті. Үш баланың анасы.