Басты бет2025 жылғы 15 сәуірде Жоғары ветеринария және биотехнология колледжінде «Бурабай Даму» ЖШС өкілде...

2025 жылғы 15 сәуірде Жоғары ветеринария және биотехнология колледжінде «Бурабай Даму» ЖШС өкілдерімен маңызды кездесу өтті.

2025 жылғы 15 сәуірде Жоғары ветеринария және биотехнология колледжінде «Бурабай Даму» ЖШС өкілдерімен маңызды кездесу өтті.

Кездесуге:
* Жансеитова Айнұра Сансызбайқызы — колледж директоры
* Әбелдинова Әсия Маратовна — тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары
* Бекова Фариза Нұриддинқызы — оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары
* Сәрсенбаев Темірлан Тайшыбайұлы — оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары қатысты.

«Бурабай Даму» ЖШС атынан:
* Насыр Арман Сократұлы — коммерциялық бөлімнің басшысы
* Тасыбаева Анар Төлегенқызы — коммерциялық бөлімнің менеджері қатысты 

Кездесу барысында тараптар тәжірибеге бағытталған білім беруді дамытуға, жас мамандарды қолдауға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумды талқылап, келісім бекітті.

Серіктестіктің негізгі бағыттары:
    1.    Колледж студенттеріне өндірістік және диплом алды тәжірибені ұйымдастыру;
    2.    Бірлескен іс-шаралар: семинарлар, шеберлік сабақтары, экскурсиялар өткізу;
    3.    «Бурабай Даму» ЖШС мамандарының оқу процесіне тәлімгер және сарапшы ретінде қатысуы;
    4.    Туризм, техникалық білім беру және экология салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру;
    5.    Колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету.

Бұл серіктестік студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, білім мен кәсіби сала арасында берік көпір құрайды.

Бірлесе отырып, болашақты құрамыз!