Басты бетБурабай курортындағы сенбілік: тазалық өзімізден басталады

Бурабай курортындағы сенбілік: тазалық өзімізден басталады

Бурабай курортындағы сенбілік: тазалық өзімізден басталады

12 сәуір күні «Бурабай Даму» ЖШС қызметкерлері Бурабай курортында сенбілік өткізді. Қыс мезгілінен кейін табиғаттың ерекше күтімді қажет ететіні белгілі, сондықтан көктемгі тазалық жұмыстары жазғы маусымға дайындықтың алғашқы қадамы болды.

Сенбілік барысында қызметкерлер қоқыстарды жинап, жаяу жүргіншілер жолдары мен жол жиегін абаттандырды. Мұндай іс-шаралар курорттың сырт келбетін жақсартып қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал етеді.

Сенбіліктер тұрақты түрде — апта сайын өткізіледі. Жаз мезгілінде жұмыстар ауқымы кеңейтіледі: көл жағалауларын тазарту, сырлау және туристік бағыттарды абаттандыру жоспарлануда.

«Бурабай Даму» ЖШС табиғатты аялауға ниетті барлық азаматтарды экологиялық бастамаларға атсалысуға шақырады. Бірге табиғаттың сұлулығы мен тазалығын сақтайық!