Басты бетШ. Уалиханов атындағы әскери колледждің курсанттары Бурабай курортындағы экологиялық акцияға қолд...

Ш. Уалиханов атындағы әскери колледждің курсанттары Бурабай курортындағы экологиялық акцияға қолдау көрсетті

Ш. Уалиханов атындағы әскери колледждің курсанттары Бурабай курортындағы экологиялық акцияға қолдау көрсетті

Ш. Уалиханов атындағы әскери колледж Бурабай курортында өткізілетін экологиялық бастамаларға белсене қатысып, өңірдің табиғи және тарихи-мәдени мұрасын сақтауға өз үлесін қосуда.

12 сәуір күні «Бурабай Даму» ЖШС колледж курсанттарымен бірлесіп экологиялық акция өткізді. Іс-шара аясында курорттың киелі орындарының бірі — Абылай хан алаңы қоқыстан тазартылды.

Акцияға қатысушылар экология мен тазалық мәселелеріне бейжай қарамай, үлкен жауапкершілік танытты. «Бурабай Даму» ұжымы жас ұрпақтың бастамашылдық танытып, осындай игі істерге атсалысуын қуанышпен атап өтті.

Мұндай шаралар тек аумақты көркейту мен көгалдандыруға ғана емес, сонымен қатар туған өлкенің табиғатына және тарихына деген құрметті қалыптастыруға сеп болады.