Басты бет«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Бурабай көлінің жағасында өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Бурабай көлінің жағасында өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Бурабай көлінің жағасында өтті

24 сәуір күні «Бурабай Даму» ЖШС «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық іс-шара өткізді. Акция барысында ұжым қызметкерлері Бурабай көлінің жағалау аумағын тазалап, қоқыстан арылтты.

Іс-шараның мақсаты — туристік маусым қарсаңында курорттың тазалығын сақтау және табиғи сұлулығын қорғау.
«Бурабай Даму» ЖШС осындай бастамаларды үнемі қолдап, өңірдің экологиялық тепе-теңдігін сақтауға белсенді түрде атсалысып келеді.

Табиғатты аялау — әрбір демалушының жайлылығы үшін!