
Компания өкілдері Бурабай кентіндегі тыл еңбеккерлерін арнайы барып құттықтап, олардың жанқиярлығы, төзімділігі мен Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыстарын жеткізді. Құрмет белгісі ретінде азық-түлік себеттері табысталды.
Мұндай ілтипат білдіру игі дәстүрге айналған. Кәсіпорын әрдайым аудан тұрғындарын, әсіресе соғыс жылдары өз өмірін аямай, болашақ ұрпақ үшін еңбек еткен жандарды қолдауға тырысады. Тыл еңбеккерлері көрсетілген қамқорлыққа ерекше риза болып, көпшілігі қуаныш пен ризашылықтан көз жасына ерік берді.
Сіздердің ерліктеріңізге, бейбіт аспан астында өмір сүріп, еңбек ету мүмкіндігі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Сіздерге тағзым етеміз!