
Балаларды қорғау күніне орай курортта өткен жарқын шара кішкентай қонақтарға қуаныш пен шаттық сыйлады.
🌟 Визит-орталығының аумағында мерекелік концерт өтті, балаларға арналған ойын аймақтары мен үстел ойындары алаңдары ұйымдастырылды.
🎠 Барлық балалар үшін «Бурабай даму» серіктестігінің нысандарына кіру тегін және 50% жеңілдікпен болды. 2000-нан астам бала бұл мүмкіндікті пайдаланып курорт зообағына келді.
Бұл игі дәстүр жыл сайын жалғасып келеді, әрі әр жыл сайын мереке одан да жарқын, қуанышты бола түсуде.