

🔥 Құрметті Бурабай ауылының тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ МҰТП келушілері! Ұлттық парк аумағында өрт қауіптілігінің жоғары класы белгіленді. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауыңызды сұраймыз!
🚫 ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
* Орманда және ашық алаңдарда от жағуға
* Шылым шегіп, тұқыл мен сөндірілмеген сіріңкені тастауға
* Шыны бөтелкелер мен банкаларды қалдыруға
* Қоқыс пен құрғақ шөпті өртеуге
✅ ҚАЖЕТ:
* Қоқысты жинап, артыңыздан тазалық қалдыру
* Өрт шыққан жағдайда 8 7163 671 983 нөміріне хабарлау
* Балаларды қадағалау – отпен ойнауға болмайды!
* Орманды аймақтарда аса сақ болу
🛑 Бір кездейсоқ тасталған тұқыл үлкен апатқа әкелуі мүмкін.
Табиғатты сақтайық, орманшылар мен құтқарушылардың еңбегіне құрметпен қарайық.
Бурабай табиғатын бірге қорғайық!