Басты бетБурабайда PIKEMAN ашық судағы жүзу жарысы өтті

Бурабайда PIKEMAN ашық судағы жүзу жарысы өтті

Бурабайда PIKEMAN ашық судағы жүзу жарысы өтті

Бүгінгі жарыстың абсолютті жеңімпаздары:
Ерлер арасында — Владислав Сухарев,
Әйелдер арасында — Людмила Яковлева.

2025 жылдың 26 шілдесінде көркем табиғатты Щучье көлінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 500-ден астам қатысушыны біріктірген PIKEMAN ашық судағы жүзу жарысы өтті.

Бұл бірегей іс-шара спортты ұнататын адамдарды біріктіріп, ішкі туризмді дамытуға және табиғатты қорғау мәселелеріне назар аудартуға үлкен септігін тигізетінін айқын көрсетті.

Жарыс барлық қатысушылар үшін тегін өткізілді. Бұл шараның қолжетімділігін арттырып, кәсіби спортшыларды ғана емес, әуесқойларды, балаларымен келген отбасыларды және Бурабайда демалып жатқан туристерді де тартуға мүмкіндік берді.

Іс-шараға қолдау көрсеткен - «Бурабай Даму» ЖШС, Бурабай курортындағы туризмді дамытуға жауапты компания.

«Біз мұндай іс-шараларды тұрақты түрде қолдаймыз. Бұл жүзу сайысы қатарынан бесінші рет өткізіліп отыр. Соңғы үш жыл бойы біз оны Бурабайда ұйымдастырып келеміз. Мұндай оқиғалар салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, ішкі туризмнің дамуына да өз үлесін қосады»,
— деді туризм бөлімінің басшысы Шыңғыс Оразалин.

PIKEMAN — Қазақстанның көркем аймақтарында белсенді өмір салтын дәріптеуге бағытталған жазғы спорттық іс-шаралар сериясының бір бөлігіне айналды.