Басты бет«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бурабай даму» компаниясы кезекті сенбілік өткізді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бурабай даму» компаниясы кезекті сенбілік өткізді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бурабай даму» компаниясы кезекті сенбілік өткізді

Бұл жолы тазалық жұмыстары Ақбура курортына апаратын жол бойында жүргізілді.
Сенбілікке компания қызметкерлері қатысып, бірлескен күшпен 45 қап қоқыс жинады. Қалдықтардың басым бөлігі - әртүрлі сусындардың шыны және пластик бөтелкелері, сондай-ақ көлік терезесінен лақтырылған тұрмыстық қоқыс болды.

Табиғат - бәрімізге ортақ байлық.
Оның тазалығын сақтау - әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
«Бурабай даму» ЖШС барлық тұрғындар мен туристерді қоршаған ортаны ластамауға, қоқысты көліктен тастамауға және табиғатқа құрметпен қарауға шақырады.
Тазалық - әр адамнан басталады.