
Көрмеде сирек кездесетін, спорттық және ерекше жарқын көліктер ұсынылды. Қазақстанның әртүрлі қалаларынан әуесқойлар қатысып, BMW, TOYOTA, SUBARU, ЗАЗ және басқа да маркалардағы автомобильдерді көпшілік назарына ұсынды.
Көрермендер мен автокөлік әуесқойлары демеушілердің сыйлық ұтыстарына қатысып, кешкі Open air-ге бару мүмкіндігіне ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта мұндай шараны Қазақстанның барлық қалаларында өткізуді жоспарлап отыр.
«Автокөрмені біз серіктестерімізбен бірге үшінші жыл өткізіп келеміз. Ең алдымен, Бурабай курортын насихаттау және жастарды автокультураға тарту мақсатымыз бар. Осындай іс-шаралар туризмнің дамуына ықпал етеді, себебі оған Қазақстанның әр өңірінен автокөлік әуесқойлары мен көрермендері жиналады. Бүгінгі көрмеде ретро үлгілерінен бастап заманауи модельдерге дейінгі 40-қа жуық көлік маркасы ұсынылды», – деді «Бурабай даму» ЖШС бас директорының орынбасары.
Бұл шара дәстүрлі сипат алды, жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.