Басты бетВеложол учаскесі қайта ашылды

Веложол учаскесі қайта ашылды

Веложол учаскесі қайта ашылды

Көркем ықшам ауданы мен Оқжетпес ауылының арасындағы ұзындығы 250 метрлік учаске жеке меншік жер учаскесінен өткендіктен бірнеше жыл бойы жабық болып, мәселе шешімін таппай келген еді.

Жуырда «Бурабай даму» ЖШС қажетті жұмыстарды жүргізіп, жер иесімен келісімге келудің нәтижесінде бұл аумақ қайтадан халыққа қолжетімді болды.

Алдағы уақытта мұнда тұрғындар мен қонақтардың кешкі серуені мен сапарын жайлы әрі қауіпсіз ету үшін 8 жарық шамы орнатылады.

Қазір веложол дайын, жақсы жағдайда. Оны Бурабай тұрғындары мен қонақтары пайдалана алады.