
1993 жылдан бері Балғабай Күлпейісов өзінің ерекше «Ұлы тұлғаларға тағзым» атты марафондарын өткізіп келеді. Әрбір оның жүгірісі – жай спорт қана емес, ол – елдің қаһармандары мен ақындарына, тарихи даталар мен оқиғаларға, Қазақстанның көрнекті тұлғаларына арналған тірі естелік.
Ол – тәжірибелі марафоншы, аса ұзақ қашықтыққа жүгіргені үшін Гиннес рекордтар кітабына енген спортшы.
Бүгін марафоншы «Бурабай даму» бас директоры Б. Бірбаевпен кездесті. Кездесу барысында Бурабайда балалар арасындағы тау марафонын өткізу жөнінде ұсыныс білдірді.
Себебі ол тек спорт қана емес, сонымен қатар туризмді дамытуға ықпал етеді.