
«Бурабай даму» ЖШС Бурабай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық рейдтерін жалғастыруда.Рейд барысында демалушылармен суда жүру ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құтқару жилетін киюдің маңыздылығы мен сақтық шараларын сақтау қажеттілігі ескертілді.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздың жауапкершілігімізде екенін ұмытпайық.
Судың жағасында қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.