
Бурабай курорты белсенді әрі тыныш демалысты қалайтындар үшін ең танымал бағыттардың бірі болып қала береді. Мұндағы дәстүрлі әрі кең таралған демалыс түрлерінің бірі – балық аулау.
Бурабайдағы балық аулау – тек қызықты іс қана емес, сонымен бірге күш жинап, табиғаттың әсемдігін және тыныштығын сезінудің тамаша мүмкіндігі. Көптеген қонақтар үшін ол тек балық аулаумен ғана емес, көл жағасында тыныш отырып, қармаққа назар аударып, күнделікті күйбеңнен арылуға мүмкіндік беретін ерекше тыныштықпен құнды.
Курорт аймағы бай су асты әлемімен ерекшеленеді. Мұндағы көптеген көлдерде рипус, пелядь, шортан, шабақ, табан және басқа да балық түрлері мекендейді. Бұл жағдай Бурабайдағы балық аулауды тәжірибелі әуесқойларға да, алғаш рет қармақ ұстағандарға да қолжетімді әрі қызықты етеді.
Курорттағы балықшылық туризмнің дамуы қонақтарды тартумен қатар, табиғатқа экологиялық тұрғыдан жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндағы басты назар – биоалуантүрлілікті сақтау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.
Бурабай әрбір қонағын табиғатпен үйлесім тапқан ерекше атмосферасымен қарсы алып, әркімге өз демалысының әрі шабыт алудың жолын табуға мүмкіндік береді.