Басты бетБурабайда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы кең көлемде аталып өтті

Бурабайда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы кең көлемде аталып өтті

Бурабайда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы кең көлемде аталып өтті

Бурабайда ұлы қазақ ойшылы, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мәдени мереке өтті.

Мерейтойға орай курорт қонақтары мен тұрғындары үшін кең ауқымды бағдарлама ұйымдастырылды. Ботай Бурабай мұражайының алаңында концерт қойылып, шығармашылық ұжымдар ән-күй орындап, Абайдың өлеңдері негізінде қойылымдар ұсынылды.

Мерекеге ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар ерекше сән берді. Қонақтар көрермен ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі қазақ ойындарына қатысып, ұлттық мәдениеттің рухын сезіне алды.

Бурабайдағы бұл мереке Абайдың адамгершілік, ағартушылық және рухани құндылықтарға үндеген идеяларының бүгін де өзекті екенін тағы да айқындады.