 
                                                
                                            
                                                                            «Бурабай даму» серіктестігі жыл сайын «Құлыншақ» балалар қайырымдылық қорының тәрбиеленушілері үшін өз нысандарына тегін экскурсиялар ұйымдастырады. Бұл — компанияның ізгі дәстүріне айналған игі іс, балаларға қуаныш пен жаңа әсер сыйлау мақсатын көздейді.
«Құлыншақ» қоры 2009 жылы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету, оларды қазақстандық қоғамға бейімдеуге және мәдени, спорттық, қоғамдық өмірге белсене қатысуына жағдай жасау мақсатында құрылған.
Балалар «Бурабай» мультимедиялық кешенін, жабайы табиғат мұражайын және жануарлар бағында болып қайтты. Мұндай сапарлар жылына бірнеше рет өткізіліп, әр жолы балалар үшін жаңа әсер мен шынайы қуаныш сыйлайтын ерекше күнге айналады.
 
                             
            