Басты бетЖақсылық – қамқорлықтан басталады

Жақсылық – қамқорлықтан басталады

Жақсылық – қамқорлықтан басталады

«Бурабай даму» ЖШС өңірдегі әлеуметтік мекемелерге қолдау көрсету дәстүрін жалғастырып келеді. Бұл тек корпоративтік жауапкершіліктің бөлігі ғана емес, компанияның басты миссияларының бірі – ерекше жандарға жылулық пен мүмкіндік сыйлау.

Бүгін заманауи Мультимедиялық кешенінің есігі Макинск қаласындағы қарттар үйінің қадірлі қонақтарына – ата мен әжелерге айқара ашылды.
Олардың әрқайсысының өмір жолы оңай болған жоқ, сондықтан біз үшін аз да болса қуаныш пен жақсы әсер сыйлап, заманауи технологиялар арқылы еліміздің сұлулығын көрсету – үлкен мәртебе.

Экскурсия қонақтардың жүзінде шынайы эмоция тудырды – күлкі, таңданыс және алғыс сезімін. Осындай сәттер адамға мейірім мен назардың бұл дүниені жылуырақ ететінін еске салады.