«Бурабай даму» серіктестігі қар тазалау жұмыстарына кірісті. Қыс бойы жаяу жүргіншілер мен веложолдар, серіктестік нысандарының аумақтары және танымал туристік орындар қардан тазартылатын болады.
Негізгі мақсат — қыс маусымының алғашқы күндерінен бастап курорт тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз ету.