Басты бетБурабай курортында жыл мезгілдеріне қарамастан туристердің жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсаты...

Бурабай курортында жыл мезгілдеріне қарамастан туристердің жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында туристік инфрақұрылым дамуы жалғасуда

Бурабай курортында жыл мезгілдеріне қарамастан туристердің жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында туристік инфрақұрылым дамуы жалғасуда

Курорт аумағында сервис сапасын арттыруға және туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солардың бірі — жыл бойы жұмыс істейтін санитарлық-гигиеналық тораптардың (СГТ) құрылысы. Мұндай бастамалар ішкі туризмді дамытуға, курорттың тартымдылығын арттыруға және демалушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жүйелі абаттандыру жұмыстары аясында екі жаңа стационарлық, жыл бойы пайдалануға болатын санитарлық-гигиеналық торап салу жоспарлануда. Бұл нысандар экологиялық таза, энергия үнемдейтін және заманауи архитектуралық шешіммен ерекшеленетін болады. Олар табиғи ландшафтпен үйлесіп, туристерге жылдың төрт мезгілінде де жайлы жағдай ұсынады.

Жобада жылыту жүйесі бар бөлмелер, ашық аспан астындағы демалыс аймақтары, балаларға және қозғалысы шектеулі адамдарға арналған арнайы бөлмелер қарастырылған. Ашылуы 2026 жылғы жазғы туристік маусымның басына жоспарланып отыр.

Айта кету керек, өткен жазғы маусымда курортта жаз мезгілінде пайдалануға арналған заманауи модульдік санитарлық-гигиеналық тораптар жұмыс істеді.

Қазіргі таңда курорт қонақтарына келесі танымал туристік орындарда орналасқан жыл бойы жұмыс істейтін санитарлық-гигиеналық тораптар қолжетімді:
    •    Абылай хан алаңында — Мультимедиялық интерактивті кешенде (жұмыс уақыты 9:00–18:00);
    •    Курорттың Визит-орталығында (9:00–18:00);
    •    Жұмбақтас жартасы маңында, Бөлектау тауының етегінде орналасқан Kaz Way павильонында (10:00–18:00);
    •    Сонымен қатар, осы жылдың желтоқсанына дейін Бурабай кентінің орталық алаңында жыл бойы жұмыс істейтін стационарлық санитарлық-гигиеналық торап іске қосылады (8:00–22:00). Олардың ішінде ақылы да, тегін де қызмет түрлері бар.

Бурабай курортының дамуы — тек жаңа нысандардың құрылысы ғана емес, әрбір қонақтың жайлылығына деген қамқорлық.
«Бурабай даму» ЖШС инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстарын жалғастырып, Қазақстан табиғатының жүрегіндегі демалысты жайлы, шабытты және қайтып оралғың келетіндей әсерлі етуге бағытталған.