«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
1. Объектінің (Лоттың) атауы және оның сипаттамалары
Бурабай курорттық аумағындағы Визит-орталығы ғимаратының 1-қабатында орналасқан, жалпы ауданы 6 (алты) шаршы метр болатын тұрғын емес үй-жай.
Объектінің мекенжайы:
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті,
Кенесары көшесі, 38, Визит-орталық ғимараты, 1 қабат.
Нысаналы мақсаты: Визит-орталық ғимаратындағы алаң қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес кәдесый өнімдерін сатуға арналған.
2. Аукционның мәні
Заңды тұлға құрмай, жай серіктестік нысанындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау.
3. Аукционды өткізу нысаны, әдісі және орны
Аукцион E-Sauda электрондық сауда платформасында бастапқы бағаны кезең-кезеңімен көтере отырып, сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі (https://e-sauda.com).
4. Аукцион өткізілетін күн мен уақыт.
2026 жылғы 02 ақпан, сағат 09: 00-ден бастап
Аукционға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.
Пайдаланушыларды тіркеу тәртібі сілтеме бойынша қол жетімді:
https://wiki.e-sauda.com/books/registraciya/page/registraciya-polzovatelya
5. Лоттың бастапқы бағасы
Бастапқы бағасы: айына 30 000 (отыз мың) теңге.
6. Аукцион қадамының мөлшері
Аукцион қадамының мөлшері - 3 000 (үш мың) теңге.
7. Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың мерзімі
Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт аукцион жеңімпазымен 1 (бір) жыл мерзімге жасалады.
8. Аукционға қатысу шарттары
Аукционға Қазақстан Республикасында тіркелген және қолданыстағы заңнама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатысуға жіберіледі.
9. Әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар
Аукционға қатысушы келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сенімсіз контрагенттер тізілімінде тұрмауы тиіс;
- Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген орындалмаған міндеттемелердің болмауы тиіс;
- терроризмді, экстремизмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдардың тізбелеріне (сондай-ақ оның басшысы мен құрылтайшылары) енгізілмеуге тиіс;
- банкроттық, тарату немесе оңалту рәсімдерінде болмауы тиіс;
- сот талқылауларының тарапы болып табылмау және мүлікке қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болмауы тиіс.
10. Аукционға қатысу үшін ұсынылатын
құжаттардың тізбесі
Аукционға қатысу үшін қатысушы ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы аукционға қатысуға өтінім;
2) заңды тұлғалар - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғы мен куәліктің көшірмелері;
3) жеке кәсіпкерлер - ҚР жеке куәлігінің (паспорттың, тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі, ЖК талонының (жеке тұлғаның) көшірмесі,
банктен есеп айырысу шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
4) кепілдік жарнаның төленгенін растайтын кіріс кассалық ордердің немесе төлем тапсырмасының көшірмесі (қажет болған жағдайда);
5) орналастырылатын уақытша объектінің (павильонның, киосктың, фудтрактің, вендинг аппаратының, ойын-сауық аппаратының, жылжымалы сөренің және т.б.) болжамды сыртқы көрінісінің эскизі (визуализациясы) не фотосуреттері, сондай-ақ сауда жабдықтарының элементтері (витриналар, стеллаждар, есептегіштер, сөрелер және т.б.) және өзге де материалдар.
11. Өтінімдерді қабылдау мерзімі
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 27 қаңтардан бастап жүзеге асырылады және 2026 жылғы 30 қаңтарда сағат 18:00-де аяқталады.
12. Байланыс және қосымша ақпарат
Аукцион шарттарына және лот объектісіне байланысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 092 14 05 (сағат 09: 00-ден 18: 30-ға дейін).
Мүдделі тұлғалар лот объектісімен алдын ала келісу арқылы келесі мекенжай бойынша орнында таныса алады: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 38, Визит-орталығы ғимараты, 1-қабат.