«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
1. Объектінің (Лоттың) атауы және оның сипаттамалары
Бурабай курорттық аймағындағы Абылай хан алаңы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 7 (жеті) шаршы метр болатын алаң (орналасу схемасы қоса беріледі).
Объектінің мекенжайы:
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңының аумағы.
Нысаналы мақсаты: Абылай хан алаңы аумағында орналасқан алаң қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып, кәдесый өнімдерін өткізуге арналған павильонды (киоскті) орналастыру үшін көзделген.
2. Аукционның мәні
Заңды тұлға құрмай, жай серіктестік нысанындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау.
3. Аукционды өткізу нысаны, әдісі және орны
Аукцион E-Sauda электрондық сауда платформасында бастапқы бағаны кезең-кезеңімен көтере отырып, сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі (https://e-sauda.com).
4. Аукцион өткізілетін күн мен уақыт.
Аукцион 2026 жылғы 13 ақпан сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 17 ақпан сағат 18:00-ге дейін өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:
- 2026 жылғы 13 ақпан сағат 09:00-ден 2026 жылғы 17 ақпан сағат 16:00-ге дейін — аукционға қатысушылардың ұсынған өтінімдері мен құжаттарын толықтығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан комиссиялық қарау;
- 2026 жылғы 17 ақпан сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін — электрондық сауда-саттықты өткізу.
Аукционға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.
Пайдаланушыларды тіркеу тәртібі сілтеме бойынша қол жетімді:
https://wiki.e-sauda.com/books/registraciya/page/registraciya-polzovatelya
5. Лоттың бастапқы бағасы
Бастапқы бағасы: айына 137 000 (жүз отыз жеті мың) теңге.
6. Аукцион қадамының мөлшері
Аукцион қадамының мөлшері - 13 000 (он үш мың) теңге.
7. Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың мерзімі
Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт аукцион жеңімпазымен 2 (екі) жыл мерзімге жасалады. Жаз айларында туристік ағымның ең жоғары деңгейде болуын ескере отырып, бірлескен қызмет үшін жылдық төлем сомасы тең бөлінбейді: жалпы жылдық соманың 75%-ы жаз айларына, ал қалған 25%-ы шарттың қолданылу мерзіміндегі өзге айларға тиесілі болады.
8. Аукционға қатысу шарттары
Аукционға Қазақстан Республикасында тіркелген және қолданыстағы заңнама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатысуға жіберіледі.
9. Әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар
Аукционға қатысушы келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сенімсіз контрагенттер тізілімінде тұрмауы тиіс;
- Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген орындалмаған міндеттемелердің болмауы тиіс;
- терроризмді, экстремизмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдардың тізбелеріне (сондай-ақ оның басшысы мен құрылтайшылары) енгізілмеуге тиіс;
- банкроттық, тарату немесе оңалту рәсімдерінде болмауы тиіс;
- сот талқылауларының тарапы болып табылмау және мүлікке қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болмауы тиіс.
10. Аукционға қатысу үшін ұсынылатын
құжаттардың тізбесі
Аукционға қатысу үшін қатысушы ұсынады:
1) аукционға қатысуға арналған белгіленген нысандағы өтінім – нысаны қоса беріледі;
2) заңды тұлғалар - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғы мен куәліктің көшірмелері;
3) жеке кәсіпкерлер - ҚР жеке куәлігінің (паспорттың, тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі, ЖК талонының (жеке тұлғаның) көшірмесі,
банктен есеп айырысу шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
4) қолданылатын салық салу режимі туралы мемлекеттік кірістер органдарының анықтамасы (немесе хабарламасы) не салық төлеушінің салық салу режимі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер (қажет болған жағдайда);
5) орналастырылатын уақытша нысанның (павильонның, киосктің) болжамды сыртқы келбетін көрсететін эскиз (визуализация) немесе фотосуреттер.
Эскиздер (визуализация) немесе фотосуреттер тұжырымдамалық сипатқа ие және нысанның сыртқы келбетінің жинақы әрі көрнекі болуына қойылатын талаптарға сәйкестігін растау мақсатында ұсынылады;
11. Павильонға (киоскке) қойылатын талаптар
Ұсынылатын визуализация кәдесый өнімдерін сату үшін павильонды (киоскті) орналастыру мақсатында алаңды пайдалану форматын көрсетуі, схемалық бейнені және (немесе) фотосуреттерді, сондай-ақ төмендегі мәліметтерді қамтуы тиіс:
Павильонға (киоскке) қойылатын міндетті талаптар:
• габариттік өлшемдері келесі шектерде болуы қажет:
– ені – 2,10 м-ден 2,25 м-ге дейін;
– ұзындығы – 3,90 м-ден 4,00 м-ге дейін;
– биіктігі – 2,90 м-ден 3,00 м-ге дейін;
• павильонның (киосктың) түстік шешімі: курорттық аймақтың сәулеттік және табиғи келбетімен үйлесетін, ағаш текстурасын имитациялайтын қою қоңыр түсті гаммада болуы тиіс;
• электрмен жабдықтауға және өзге де инженерлік желілерге қосу қажеттілігі туралы мәліметтер (болған жағдайда).
Павильонда (киоскте) төмендегілер көзделмеуі тиіс:
• жер учаскесінің бедерін өзгерту;
• қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келетін өзге де әрекеттер.
12. Өтінімдерді қабылдау мерзімі
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 09 ақпаннан бастап жүзеге асырылады және 2026 жылғы 12 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады.
13. Байланыс және қосымша ақпарат
Аукцион шарттарына және лот объектісіне байланысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 092 14 05 (сағат 09: 00-ден 18: 30-ға дейін).
Мүдделі тұлғалар лот объектісімен алдын ала келісу арқылы келесі мекенжай бойынша орнында таныса алады: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңының аумағы.