Басты бетБірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы...

Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

 

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

1. Объектінің (Лоттың) атауы және оның сипаттамалары

Бурабай курорттық аймағындағы Абылай хан алаңы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 12 (он екі) шаршы метрді құрайтын жартылай киіз үй (жер телімінің орналасу сызбасы қоса беріледі).

Нысанның мекенжайы:
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңының аумағы.

Нысаналы мақсаты: Абылай хан алаңы аумағындағы жартылай киіз үй Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, бүркітпен ұлттық киімдегі фотосурет қызметтерін көрсетуге арналған.

2. Аукционның мәні

Заңды тұлға құрмай, жай серіктестік нысанындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау.

3. Аукционды өткізу нысаны, әдісі және орны

Аукцион E-Sauda электрондық сауда платформасында бастапқы бағаны кезең-кезеңімен көтере отырып, сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі (https://e-sauda.com).

4. Аукцион өткізілетін күн мен уақыт.

Аукцион 2026 жылғы 20 ақпан сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 23 ақпан сағат 11:00-ге дейін өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:

  • 2026 жылғы 20 ақпан сағат 09:00-ден 2026 жылғы 23 ақпан сағат 11:00-ге дейін — аукционға қатысушылардың ұсынған өтінімдері мен құжаттарын толықтығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан комиссиялық қарау;
  • 2026 жылғы 23 ақпан сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін — электрондық сауда-саттықты өткізу.

Аукционға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.

Пайдаланушыларды тіркеу тәртібі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://wiki.e-sauda.com/books/registraciya/page/registraciya-polzovatelya

5. Лоттың бастапқы бағасы

Бастапқы бағасы: айына 212 500 (екі жүз он екі мың бесжүз) теңге.

6. Аукцион қадамының мөлшері

Аукцион қадамының мөлшері - 21 000 (жиырма бір мың) теңге.

7. Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың мерзімі

Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт аукцион жеңімпазымен 2 (екі) жыл мерзімге жасалады. Жаз айларында туристік ағынның ең жоғары деңгейде болуын ескере отырып, бірлескен қызмет үшін жылдық төлем сомасы біркелкі бөлінбейді: жалпы жылдық соманың 75%-ы жаз айларына тиесілі, ал қалған 25%-ы шарттың қолданылу мерзіміндегі басқа айларға бөлінеді.

8. Аукционға қатысу шарттары

Аукционға Қазақстан Республикасында тіркелген және қолданыстағы заңнама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатысуға жіберіледі.

9. Әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар

Аукционға қатысушы келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сенімсіз контрагенттер тізілімінде тұрмауы тиіс;
  • Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген орындалмаған міндеттемелердің болмауы тиіс;
  • терроризмді, экстремизмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдардың тізбелеріне (сондай-ақ оның басшысы мен құрылтайшылары) енгізілмеуге тиіс;
  • банкроттық, тарату немесе оңалту рәсімдерінде болмауы тиіс;
  • сот талқылауларының тарапы болып табылмау және мүлікке қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болмауы тиіс.

10. Аукционға қатысу үшін ұсынылатын

құжаттардың тізбесі

Аукционға қатысу үшін қатысушы ұсынады:

1) аукционға қатысуға арналған белгіленген нысандағы өтінім – нысаны қоса беріледі;

2) заңды тұлғалар - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғы мен куәліктің көшірмелері;

3) жеке кәсіпкерлер - ҚР жеке куәлігінің (паспорттың, тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі, ЖК талонының (жеке тұлғаның) көшірмесі,

банктен есеп айырысу шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;

4) қолданылатын салық салу режимі туралы мемлекеттік кірістер органдарының анықтамасы (немесе хабарламасы) не салық төлеушінің салық салу режимі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер  (қажет болған жағдайда);

5) Орналастырылатын уақытша нысанның (павильон, киоск, фудтрак, вендинг аппараты, ойын-сауық аппараты, жылжымалы тірек және т.б.), сауда жабдықтары элементтерінің (витрина, сөре, есептегіш үстел, сөрешелер және т.б.) болжамды сыртқы көрінісінің эскизі (визуализациясы) немесе фотосуреттері ұсынылуы тиіс.

Эскиздер (визуализациялар) немесе фотосуреттер тұжырымдамалық сипатқа ие болып табылады және нысанның болжамды сыртқы келбеті оның ұқыпты әрі көрнекті бейнесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынылады.

11. Жартылай киіз үйге қойылатын талаптар

Ұсынылатын визуализация жартылай киіз үйді бүркітпен ұлттық киімдегі фотосурет қызметтерін көрсету үшін пайдалану форматын көрсетуі және сызбалық бейнені және/немесе фотосуреттерді, сондай-ақ төмендегі мәліметтерді қамтуы тиіс:

Міндетті талаптар:

• ұлттық киімдердің ассортиментте болуы және олардың тиісті сапада болуы;
• бүркітті заңды түрде ұстау мен фотосурет қызметтерін көрсету барысында пайдалануды растайтын барлық қажетті рұқсат құжаттары мен сертификаттарының болуы;
• электр қуатына және өзге де инженерлік желілерге қосылу қажеттілігі туралы мәліметтер (бар болған жағдайда).

12. Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 17 ақпаннан бастап жүзеге асырылады және 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 17:00-де аяқталады.

13. Байланыс және қосымша ақпарат

Аукцион шарттарына және лот объектісіне байланысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 092 14 05 (сағат 09: 00-ден 18: 30-ға дейін).

Мүдделі тұлғалар алдын ала келісу арқылы лот нысанымен келесі мекенжай бойынша таныса алады: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңы.