Басты бетБірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы...

Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

1. Объектінің (Лоттың) атауы және оның сипаттамалары

Бурабай курорттық аймағы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 840 (сегіз жүз қырық) шаршы метрді құрайтын ғимараттар (жер телімінің орналасу сызбасы қоса беріледі).

Объектінің мекенжайы:
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Зеленый бор кенті, 2в.

Нысаналы мақсаты: ғимараттар марал өсіру бағытындағы туристік-сауықтыру кешенін орналастыруға (этно-ауылды ұйымдастыруды, емдік-сауықтыру қызметтерін және экскурсиялық бағдарламаларды қамти отырып), Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып арналған.

2. Аукционның мәні

Заңды тұлға құрмай, жай серіктестік нысанындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау.

3. Аукционды өткізу нысаны, әдісі және орны

Аукцион E-Sauda электрондық сауда платформасында бастапқы бағаны кезең-кезеңімен көтере отырып, сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі (https://e-sauda.com).

4. Аукцион өткізілетін күн мен уақыт.

Аукцион 2026 жылғы 19 ақпан сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 23 ақпан сағат 11:00-ге дейін өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:

  • 2026 жылғы 19 ақпан сағат 09:00-ден 2026 жылғы 23 ақпан сағат 11:00-ге дейін — аукционға қатысушылардың ұсынған өтінімдері мен құжаттарын толықтығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан комиссиялық қарау;
  • 2026 жылғы 23 ақпан сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін — электрондық сауда-саттықты өткізу.

Аукционға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.

Пайдаланушыларды тіркеу тәртібі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://wiki.e-sauda.com/books/registraciya/page/registraciya-polzovatelya

5. Лоттың бастапқы бағасы

Бастапқы бағасы: айына 660 000 (алты жүз алпыс мың) теңге.

6. Аукцион қадамының мөлшері

Аукцион қадамының мөлшері - 60 000 (алпыс мың) теңге.

7. Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың мерзімі

Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт аукцион жеңімпазымен 5 (бес) жыл мерзімге жасалады. Жаз айларында туристік ағынның ең жоғары деңгейде болуын ескере отырып, бірлескен қызмет үшін жылдық төлем сомасы біркелкі бөлінбейді: жалпы жылдық соманың 75%-ы жаз айларына тиесілі, ал қалған 25%-ы шарттың қолданылу мерзіміндегі басқа айларға бөлінеді.

8. Аукционға қатысу шарттары

Аукционға Қазақстан Республикасында тіркелген және қолданыстағы заңнама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатысуға жіберіледі.

9. Әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар

Аукционға қатысушы келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сенімсіз контрагенттер тізілімінде тұрмауы тиіс;
  • Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген орындалмаған міндеттемелердің болмауы тиіс;
  • терроризмді, экстремизмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдардың тізбелеріне (сондай-ақ оның басшысы мен құрылтайшылары) енгізілмеуге тиіс;
  • банкроттық, тарату немесе оңалту рәсімдерінде болмауы тиіс;
  • сот талқылауларының тарапы болып табылмау және мүлікке қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болмауы тиіс.

10. Аукционға қатысу үшін ұсынылатын

құжаттардың тізбесі

Аукционға қатысу үшін қатысушы ұсынады:

1) аукционға қатысуға арналған белгіленген нысандағы өтінім – нысаны қоса беріледі;

2) заңды тұлғалар - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғы мен куәліктің көшірмелері;

3) жеке кәсіпкерлер - ҚР жеке куәлігінің (паспорттың, тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі, ЖК талонының (жеке тұлғаның) көшірмесі,

банктен есеп айырысу шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;

4) қолданылатын салық салу режимі туралы мемлекеттік кірістер органдарының анықтамасы (немесе хабарламасы) не салық төлеушінің салық салу режимі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер  (қажет болған жағдайда);

5) Жоба тұжырымдамасы — аукционға қатысушы нысанда іске асыру жоспарланып отырған жобаның идеясын, сондай-ақ оны жүзеге асыру мен дамытуының негізгі параметрлерін сипаттайтын қысқаша, құрылымдалған құжат (презентация форматында) болып табылады — қажет болған жағдайда.

Жоба тұжырымдамасы аукционға қатысушылардың өтінімдерін сапалық бағалау критерийі болып саналады және аукцион жеңімпазының міндеттемелерін қалыптастырудың негізі болып табылады.

11. Жоба тұжырымдамасына қойылатын талаптар

Ұсынылатын жоба тұжырымдамасы марал өсіру бағытындағы туристік-сауықтыру кешенін (павильонды, этно-ауылды, емдік-сауықтыру қызметтерін және экскурсиялық бағдарламаларды қамти отырып) орналастыру үшін аумақты пайдалану форматын көрсетуі және агро-, экологиялық және этнотуризм элементтері бар жобаның сипаттамасын қамтуы тиіс.

Жоба тұжырымдамасы сызбалық бейнені және/немесе визуалды материалдарды қамтуы, сондай-ақ келесі функционалдық нысандардың болуын көздеуі қажет:

• орналастыру (тұру) нысаны;
• тамақтану нысаны;
• емдік-сауықтыру корпусы;
• этно-ауыл;
• балалар мен ересектерге арналған кемінде 5 (бес) әзірленген экскурсиялық және іс-шаралық бағдарлама.

Жоба тұжырымдамасы аясында қатысушы келесі ресурстар мен құзыреттердің бар екенін растауы тиіс:

  1. Ұқсас туристік инфрақұрылым нысандарын басқару тәжірибесінің болуы - кемінде 5 жыл;
  2. Агроауылдық және/немесе экологиялық туризмді дамыту тәжірибесінің болуы – кемінде 5 жыл;
  3. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру тәжірибесінің болуы – кемінде 5 (бес) жыл, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензияның бар екендігін растай отырып;
  4. Туризм саласында іс-шаралар, фестивальдер және/немесе оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу тәжірибесінің болуы – кемінде  2 іске асырылған жоба (іс-шара);
  5. Штатта және/немесе шарттық негізде кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар туристік сала мамандарының болуы, кәсіби жетістіктерімен (сертификаттар, грамоталар, марапаттар және т.б.) расталған, соның ішінде гид/экскурсоводтың жарамды сертификатының болуы;
  6. Штатта және/немесе шарттық негізде пантаемдеу бойынша медициналық маман – медициналық білімі туралы дипломы және жарамды маман сертификаты бар дәрігер-реабилитологтың болуы;
  7. Туристік топтарды жеткізу жөніндегі ниет шарттарының болуы – кемінде  5 (бес) туристік компаниямен және/немесе гидтермен.

12. Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 17 ақпаннан бастап жүзеге асырылады және 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 17:00-де аяқталады.

13. Байланыс және қосымша ақпарат

Аукцион шарттарына және лот объектісіне байланысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 092 14 05 (сағат 09: 00-ден 18: 30-ға дейін).

Мүдделі тұлғалар алдын ала келісу арқылы лот нысанымен келесі мекенжай бойынша таныса алады: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Зеленый бор кенті, 2в.