Наурыз мейрамы — көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын, татулықты, молшылықты және жаңа өмір кезеңінің басталуын білдіретін ерекше мереке. Ежелден бері бұл мейрам адамдарды қонақжайлық, салт-дәстүрге құрмет және жүздесулердің шаттығы секілді құндылықтар төңірегіне топтастырып келеді.
Бурабайда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар жылы, шынайы көктемгі көңіл күйде өтіп, курорт тұрғындары мен қонақтарын ұлттық нақышқа, әуезді музыкаға, ойын-сауыққа және дәстүрлі дәмге толы жарқын алаңдарға жинайды.
Осы орайда, 21 наурыз күні Визит-орталық аумағында Серіктестік серіктестермен бірлесіп Наурыз мейрамын атап өтуді ұйымдастырады. Қонақтар үшін киіз үй мен алтыбақан орнатылып, дәстүрлі наурыз көже ұсынылады, сондай-ақ мазмұнды мәдени-ойын-сауық бағдарламасы әзірленеді.
Мерекелік көңіл күйді жергілікті шығармашылық ұжымдардың және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжі кадеттерінің өнер көрсетуі айшықтай түседі. Қонақтар арқан тарту, қой көтеру және өзге де ұлттық ойындар мен жарыстарға қатыса алады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады. Іс-шараның басталу уақыты — 13:00.
Наурызды мерекелеу Бурабай курортының орталық алаңында да жалғасады. Мұнда да киіз үйлер мен алтыбақандар орнатылып, концерттік бағдарлама, спорттық жарыстар, дәстүрлі дәмдер ұсынылып, қонақтарға арналған сыйлықтар мен жүлделер дайындалады.
Бурабайдағы Наурыз — ұлттық дәстүрлерге жақындап, отбасымен бірге уақыт өткізіп, бірлік пен жарасым атмосферасын сезініп, көктемді еліміздің ең көркем өлкелерінің бірінде қарсы алуға берілетін тамаша мүмкіндік.
Қосымша ақпарат — Instagram: @visitburabay.kz