2026 жылғы 24 наурызда «Бурабай даму» ЖШС қызметкерлері Абылай хан алаңындағы аумақты тазалау жұмыстарын жүргізіп, тазалық пен тәртіп эстафетасына қатысты.
Іс-шара Наурызнама онкүндігі аясындағы «Тазару күні» күні Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікті арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Президент атап өткендей, «Тазару күні» — Наурызнама онкүндігіндегі ерекше күндердің бірі, ол жаңаруды, жасампаз еңбекті және қоғамның тазалық пен тәртіпке ұмтылысын білдіреді. Осы күні ел көлемінде азаматтарды табиғатқа жанашырлықпен қарау, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және қоршаған ортаны сақтау сияқты ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіретін экологиялық акцияның жаңа кезеңі бастау алды.
Серіктестік ұжымының Абылай хан алаңындағы аумақты тазалау жұмыстарына қатысуы курорт аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар экологиялық жауапкершілік қағидаттарына және елдің табиғи мұрасына құрметпен қарауға бейілділіктің айқын көрінісі болды.
Осындай іс-шараларды өткізу туристік нысандарды абаттандыруға ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін нығайтуға да ықпал етеді. Бұл «Таза Қазақстан» бастамасының идеяларына және «Тазару күні» күнінің тазару, жаңару және игі істер рухына толық сәйкес келеді.
Қосымша ақпарат — Instagram: @visitburabay.kz