Басты бет43. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу ту...

43. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

43. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ 43. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

1. Объектінің (Лоттың) атауы және оның сипаттамалары

Бурабай курорттық аймағындағы Абылай хан алаңы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 12 (он екі) шаршы метрді құрайтын алаң (орналасу сызбасы қоса беріледі).

Нысанның мекенжайы:
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңының аумағы.

Нысаналы мақсаты: Абылай хан алаңы аумағындағы аумағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, тез тамақтану павильонын (киоскіні), кофехананы орналастыруға арналған.

2. Аукционның мәні

Заңды тұлға құрмай, жай серіктестік нысанындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау.

3. Аукционды өткізу нысаны, әдісі және орны

Аукцион E-Sauda электрондық сауда платформасында бастапқы бағаны кезең-кезеңімен көтере отырып, сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі (https://e-sauda.com).

4. Аукцион өткізілетін күн мен уақыт.

Аукцион 2026 жылғы 31 наурыз сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 02 сәуір сағат 13:00-ге дейін өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:

  • 2026 жылғы 31 наурыз сағат 09:00-ден 2026 жылғы  02 сәуір сағат 11:00-ге дейін – аукционға қатысушылардың ұсынған өтінімдері мен құжаттарын толықтығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан комиссиялық қарау;
  • 2026 жылғы 02 сәуір сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін – электрондық сауда-саттықты өткізу.

Аукционға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.

Пайдаланушыларды тіркеу тәртібі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://wiki.e-sauda.com/books/registraciya/page/registraciya-polzovatelya

5. Лоттың бастапқы бағасы

Бастапқы бағасы: айына 212 500 (екі жүз он екі мың бесжүз) теңге.

6. Аукцион қадамының мөлшері

Аукцион қадамының мөлшері - 6 500 (алты мың бесжүз) теңге.

7. Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың мерзімі

Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт аукцион жеңімпазымен:

  1. жеңімпаз жарияланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жасалады;
  2. 5 (бес) күнтізбелік ай мерзімге жасалады, бұл ретте шарттың қолданылу мерзімі 2026 жылғы 01 мамырдан бастап 2026 жылғы 30 қыркүйекті қоса алғанға дейін белгіленеді.

8. Аукционға қатысу шарттары

Аукционға Қазақстан Республикасында тіркелген және қолданыстағы заңнама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатысуға жіберіледі.

9. Әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар

Аукционға қатысушы келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сенімсіз контрагенттер тізілімінде тұрмауы тиіс;
  • Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген орындалмаған міндеттемелердің болмауы тиіс;
  • өтінім беру кезінде Серіктестік алдында берешегі болмауы тиіс;
  • терроризмді, экстремизмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдардың тізбелеріне (сондай-ақ оның басшысы мен құрылтайшылары) енгізілмеуге тиіс;
  • банкроттық, тарату немесе оңалту рәсімдерінде болмауы тиіс;
  • сот талқылауларының тарапы болып табылмау және мүлікке қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болмауы тиіс.

10. Аукционға қатысу үшін ұсынылатын

құжаттардың тізбесі

Аукционға қатысу үшін қатысушы ұсынады:

1) аукционға қатысуға арналған белгіленген нысандағы өтінім – нысаны қоса беріледі;

2) заңды тұлғалар - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғы мен куәліктің көшірмелері;

3) жеке кәсіпкерлер - ҚР жеке куәлігінің (паспорттың, тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі, ЖК талонының (жеке тұлғаның) көшірмесі,

банктен есеп айырысу шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;

4) қолданылатын салық салу режимі туралы мемлекеттік кірістер органдарының анықтамасы (немесе хабарламасы) не салық төлеушінің салық салу режимі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер  (қажет болған жағдайда);

5) орналастырылатын уақытша объектінің (павильонның/киоскінің) болжамды сыртқы келбетінің эскизі (визуализациясы) немесе фотосуреттері.

Эскиз (визуализация) немесе фотосуреттер тұжырымдамалық сипатқа ие және объектінің болжамды сыртқы келбетінің ұқыпты әрі көрнекі талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынылады.

11. Павильонға (киоскіге) қойылатын талаптар

Ұсынылатын визуализация алаңды тез тамақтану павильонын (киоскіні), кофехананы орналастыру үшін пайдалану форматын көрсетуі және схемалық бейнені және (немесе) фотосуреттерді, сондай-ақ келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:

Павильонға (киоскіге) қойылатын міндетті талаптар:
• габариттік өлшемдері келесі шектерде болуы тиіс:
– ені – 2,90 м-ден 3,00 м-ге дейін;
– ұзындығы – 3,90 м-ден 4,00 м-ге дейін;
– биіктігі – 2,90 м-ден 3,00 м-ге дейін;
• павильонның (киоскінің) сыртқы келбеті эстетикалық талаптарға сай болуы, техникалық жағдайы жарамды және пайдалану үшін қауіпсіз болуы тиіс;
• электрмен жабдықтауға және өзге де инженерлік желілерге қосылу қажеттілігі туралы мәліметтер (бар болған жағдайда), қажетті (тұтынылатын) қуатты көрсете отырып.

Павильон (киоск) мыналарды көздемеуі тиіс:
• жер учаскесінің бедерін өзгерту;
• қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келетін өзге де әрекеттер.

12. Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 26 наурыздан бастап жүзеге асырылады және 2026 жылғы 30 наурызда сағат 17:00-де аяқталады.

 

13. Байланыс және қосымша ақпарат

Аукцион шарттарына және лот объектісіне байланысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 092 14 05 (сағат 09: 00-ден 17:00-ге дейін).

Мүдделі тұлғалар алдын ала келісу арқылы лот нысанымен келесі мекенжай бойынша таныса алады: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңы.