Басты бет47. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу ту...

47. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

47. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ 47. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес Серіктестіктің объектілерінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктес таңдау жөніндегі аукцион өткізілетінін хабарлайды.

Аукцион 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 01-06/13 бұйрығымен бекітілген бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді (консорциум) таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

1. Объектінің (Лоттың) атауы және оның сипаттамалары

Бурабай курорттық аймағындағы Абылай хан алаңы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 6 (алты) шаршы метрді құрайтын алаң (орналасу сызбасы қоса беріледі).

Нысанның мекенжайы:
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 38-үй, Визит-орталық ғимараты, 1-қабат.

Нысаналы мақсаты: Визит-орталық ғимаратында орналасқан алаң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, ағаштан жасалған сувенирлік өнімдерді өткізу үшін пайдаланылады.

2. Аукционның мәні

Заңды тұлға құрмай, жай серіктестік нысанындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау.

3. Аукционды өткізу нысаны, әдісі және орны

Аукцион E-Sauda электрондық сауда платформасында бастапқы бағаны кезең-кезеңімен көтере отырып, сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі (https://e-sauda.com).

4. Аукцион өткізілетін күн мен уақыт.

Аукцион 2026 жылғы 13 сәуір сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 15 сәуір сағат 13:00-ге дейін өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:

  • 2026 жылғы 13 сәуір сағат 09:00-ден 2026 жылғы  15 сәуір сағат 11:00-ге дейін – аукционға қатысушылардың ұсынған өтінімдері мен құжаттарын толықтығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан комиссиялық қарау;
  • 2026 жылғы 15 сәуір сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін – электрондық сауда-саттықты өткізу.

Аукционға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.

Пайдаланушыларды тіркеу тәртібі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://wiki.e-sauda.com/books/registraciya/page/registraciya-polzovatelya

5. Лоттың бастапқы бағасы

Бастапқы бағасы: айына 30 000 (отыз мың) теңге.

6. Аукцион қадамының мөлшері

Аукцион қадамының мөлшері – 3 000 (үш мың) теңге.

7. Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың мерзімі

Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт аукцион жеңімпазымен:

  1. жеңімпаз жарияланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жасалады;

2. шарт жасалған күннен бастап 1 (бір) жыл мерзімге.

8. Аукционға қатысу шарттары

Аукционға Қазақстан Республикасында тіркелген және қолданыстағы заңнама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатысуға жіберіледі.

9. Әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар

Аукционға қатысушы келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сенімсіз контрагенттер тізілімінде тұрмауы тиіс;
  • Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген орындалмаған міндеттемелердің болмауы тиіс;
  • өтінім беру кезінде Серіктестік алдында берешегі болмауы тиіс;
  • терроризмді, экстремизмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдардың тізбелеріне (сондай-ақ оның басшысы мен құрылтайшылары) енгізілмеуге тиіс;
  • банкроттық, тарату немесе оңалту рәсімдерінде болмауы тиіс;
  • сот талқылауларының тарапы болып табылмау және мүлікке қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болмауы тиіс.

10. Аукционға қатысу үшін ұсынылатын

құжаттардың тізбесі

Аукционға қатысу үшін қатысушы ұсынады:

1) аукционға қатысуға арналған белгіленген нысандағы өтінім – нысаны қоса беріледі;

2) заңды тұлғалар - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғы мен куәліктің көшірмелері;

3) жеке кәсіпкерлер - ҚР жеке куәлігінің (паспорттың, тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі, ЖК талонының (жеке тұлғаның) көшірмесі,

банктен есеп айырысу шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;

4) қолданылатын салық салу режимі туралы мемлекеттік кірістер органдарының анықтамасы (немесе хабарламасы) не салық төлеушінің салық салу режимі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер  (қажет болған жағдайда);

5) орналастырылатын уақытша объектінің болжамды сыртқы келбетінің эскизі (визуализациясы) не фотосуреттері, сондай-ақ сауда жабдықтары элементтерінің (витрина, стеллаж, сөре, сауда үстелі және т.б.) фотосуреттері.

11. Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 07 сәуірден бастап жүзеге асырылады және 2026 жылғы 10 сәуірде сағат 17:00-де аяқталады.

12. Байланыс және қосымша ақпарат

Аукцион шарттарына және лот объектісіне байланысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 092 14 05 (сағат 09: 00-ден 18:00-ге дейін).

Мүдделі тұлғалар алдын ала келісу арқылы лот нысанымен келесі мекенжай бойынша таныса алады: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңы.