«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін әріптестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес Серіктестік объектілерінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін әріптесті таңдау жөнінде аукцион өткізілетінін хабарлайды.
Аукцион 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 01-06/13 бұйрығымен бекітілген бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін әріптестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (консорциум) сәйкес өткізіледі.
1. Объектінің (Лоттың) атауы және оның сипаттамалары
Бурабай курорттық аймағындағы Визит-орталығының жанындағы зообақ аумағында орналасқан, жалпы ауданы 8 (сегіз) шаршы метр алаң (орналасу сызбасы қоса беріледі).
Объектінің мекенжайы:
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 38, зообақ аумағы.
Нысаналы мақсаты: ұсынылатын алаң 2 (екі) бас пониді пайдалана отырып, келушілерге атқа мінгізу қызметтерін көрсету үшін көзделген және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Аукционның мәні
Заңды тұлға құрмай, жай серіктестік нысанындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау.
3. Аукционды өткізу нысаны, әдісі және орны
Аукцион E-Sauda электрондық сауда платформасында бастапқы бағаны кезең-кезеңімен көтере отырып, сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі (https://e-sauda.com).
4. Аукцион өткізілетін күн мен уақыт.
Аукцион 2026 жылғы 20 сәуір сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 22 сәуір сағат 13:00-ге дейін өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:
- 2026 жылғы 20 сәуір сағат 09:00-ден 2026 жылғы 22 сәуір сағат 11:00-ге дейін – аукционға қатысушылардың ұсынған өтінімдері мен құжаттарын толықтығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан комиссиялық қарау;
- 2026 жылғы 22 сәуір сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін – электрондық сауда-саттықты өткізу.
Аукционға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.
Пайдаланушыларды тіркеу тәртібі сілтеме бойынша қол жетімді:
https://wiki.e-sauda.com/books/registraciya/page/registraciya-polzovatelya
5. Лоттың бастапқы бағасы
Бастапқы бағасы: айына 2000 000 (екі жүз мың) теңге.
6. Аукцион қадамының мөлшері
Аукцион қадамының мөлшері - 6 000 (алты мың) теңге.
7. Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың мерзімі
Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт аукцион жеңімпазымен:
- жеңімпаз деп жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалады;
- шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік ай мерзімге қолданылады.
8. Аукционға қатысу шарттары
Аукционға қатысуға Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қолданыстағы заңнама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 723-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес арнайы салық режимдері белгіленген шарттар мен шектеулер сақталған жағдайда қолданылады. Бұл ретте бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша қызмет жүзеге асыратын салық төлеушілер арнайы салық режимдерін қолдануға құқылы емес.
Аукцион жеңімпазы бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт жасасу кезінде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданбаған жағдайда, ол шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аталған режимге ауысуға міндетті.
(https://kodeksy-kz.com/ka/nalogovyj_kodeks/723.htm#google_vignette)
9. Әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар
Аукционға қатысушы келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сенімсіз контрагенттер тізілімінде тұрмауы тиіс;
- Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген орындалмаған міндеттемелердің болмауы тиіс;
- өтінім беру сәтінде Серіктестік алдында берешегі болмауы тиіс;
- терроризмді, экстремизмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдардың тізбелеріне (сондай-ақ оның басшысы мен құрылтайшылары) енгізілмеуге тиіс;
- банкроттық, тарату немесе оңалту рәсімдерінде болмауы тиіс;
- сот талқылауларының тарапы болып табылмау және мүлікке қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болмауы тиіс.
10. Аукционға қатысу үшін ұсынылатын
құжаттардың тізбесі
Аукционға қатысу үшін қатысушы ұсынады:
1) аукционға қатысуға арналған белгіленген нысандағы өтінім – нысаны қоса беріледі;
2) заңды тұлғалар - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғы мен куәліктің көшірмелері;
3) жеке кәсіпкерлер - ҚР жеке куәлігінің (паспорттың, тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі, ЖК талонының (жеке тұлғаның) көшірмесі,
банктен есеп айырысу шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
4) қолданылатын салық салу режимі туралы мемлекеттік кірістер органдарының анықтамасы (немесе хабарламасы) не салық төлеушінің салық салу режимі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер (қажет болған жағдайда);
5) Понимен серуендету қызметін көрсету кезінде пайдалануға жоспарланған понилердің эскизі (визуализациясы) не фотосуреттері.
11. Көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар
Қатысушы понимен серуендету қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптарын, санитариялық және ветеринариялық нормаларды сақтай отырып көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.
Қатысушы:
- кемінде 2 (екі) бас понидің болуын қамтамасыз етуге;
- әрбір жануарға жүргізілген профилактикалық екпелер мен ветеринариялық тексерулер туралы қолданыстағы белгілері бар ветеринариялық паспорттарды ұсынуға;
- қажет болған жағдайда жануарлардың денсаулық жағдайы туралы ветеринариялық анықтамаларды (куәліктерді) ұсынуға;
- жануарларды тиісті түрде ұстауды, күтіп-бағуды және оларға ізгілікті қарым-қатынасты қамтамасыз етуге;
- қызмет көрсету кезінде келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның ішінде серуендету барысында міндетті түрде бірге алып жүруді ұйымдастыруға;
- жарамды және қауіпсіз жабдықтарды (ер-тұрман, жүген және өзге де құралдар) пайдалануға;
- жануарлармен жұмыс істеу тәжірибесі бар оқытылған персоналдың болуын қамтамасыз етуге;
- аумақтың санитариялық жағдайын сақтауға, уақтылы тазалау жұмыстарын жүргізуге;
- зообақ аумағында белгіленген қағидаларды сақтауға міндетті.
12. Өтінімдерді қабылдау мерзімі
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 13 сәуірден бастап жүзеге асырылады және 2026 жылғы 17 сәуірде сағат 17:00-де аяқталады.
13. Байланыс және қосымша ақпарат
Аукцион шарттарына және лот объектісіне байланысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 092 14 05 (сағат 09:00-ден 18:00-ға дейін).
Мүдделі тұлғалар лот объектісімен алдын ала келісу арқылы келесі мекенжай бойынша орнында таныса алады: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 38, Визит-орталығы алаңы.